АЭжБУ-де Халықаралық ғылыми онлайн семинар өтті

АЭжБУ-де Халықаралық ғылыми онлайн семинар өтті


27.04.2022 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы 2022 жылдың 22 сәуірінде  Халықаралық ғылыми онлайн семинарын өткізді.

Халықаралық ғылыми онлайн семинар ИМК кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Л.М. Байтенованың жетекшілігімен өндірістік сектор мамандарының тәжірибесімен, ғылыми қызметкерлердің өндірістік және ғылыми жетістіктерімен таныстыру, сонымен қатар, ғылыми онлайн-семинарға қатысушы студенттердің білім деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға өндіріс саласының мамандары -  «Қазақстанның мегаполистеріндегі жылумен жабдықтау жүйелерінің заманауи жабдықтарының тиімділігі» Оркен CompanyЖШС Директоры Е.Е. Ергалиев  ( Нұр-Сұлтан қ., ҚР), «Шағын өнеркәсіптің энергетикасы және жылу мен бу берудің автономды көздері» АЭМК Холдинг ЖШС Директоры М.В. Фурман  ( Алматы қ., ҚР), сонымен қатар Ташкент мемлекеттік экономика университетінің «Корпоративтік экономика және бизнес аналитикасы»  кафедрасының доценті М.С.Абдурашидова  ( Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) шақырылды.

Семинарға ғылыми сектордың лектор-зерттеушілері баяндамашы ретінде қатысты (Б.И.Тузельбаев , Л.Р.Джунусова , А.А.Туманова , К.С.Идрисова ). Семинарға ИМК кафедрасының оқытушылары, 1 жылдық оқу және 2 жылдық оқу магистранттары, сонымен қатар Ректордың ғылым жөніндегі кеңесшісі В.В.Стояк, АЭжБУ Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Д.Ж. Жексембинов қатысты.

ENERGO UNIVERSITY