"Suretter Software " инжинирингтік компаниясы Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттері үшін барлық жағдайды жасайды



28.04.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 27 сәуірінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде жетекші инжинирингтік компаниялар басшыларының қонақ дәрісі өтті. "Құрметті студенттер! Біздің компания АЭжБУ-дің жанынан сіздің оқуыңызға еш қиындықсыз тәжірибе мен тағылымдамадан өту үшін өз кеңсесін ашты. Біздің компания шын мәнінде АҚШ пен Еуропадан халықаралық тапсырыс берушілер үшін жобалау институты болып табылады. Барлығы өте қарапайым! Біз өнімді жобалаймыз, ал Қытай мен Тайваньдағы зауыттар оны шығарады. Ал сіздерге қойылар талап: сынақ мерзімінің 3 айы және тұтынушылық электроника саласындағы халықаралық сарапшылардың оқу жоспары (тренингтері). Біз тек үздіктерді жұмысқа аламыз. Егер бізде басқа кадрлық саясат болса, онда біз бұл нарықта жүрмес едік. Сондықтан Сізден тек АЭжБУ-да алған мықты білім және одан әрі өсуге деген жоғары мотивация талап етіледі" -деді "Rhonda Software LLC" инжиниринг жөніндегі вице - президенті, "Suretter Software" ЖШС директоры Алексей Кодубец

Оның әріптесі Михаил Чусов студенттерге өнімді жобалау мен құрастырудың кезеңдері туралы айтты. Іс-шара соңында қонақтарға сұрақтар қойылды. "Сіз 10 бағдарламалау тілін білуіңіз керек, бірақ C++ тіліне назар аударыңыз. Өнімнің жетістігінің 90% - ы кодта. Сондықтан АЭжБУ-да инженерлік бағдарламалауға назар аудару керек. Бұл сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз", - деп жауап берді Алексей Кодубец бағдарламалау тілдері туралы сұраққа.

Бұл кездесуді Ақпараттық технологиялар институты ұйымдастырды.

ENERGO UNIVERSITY