Гита Ревалде: "Бізге барлық команданың пікірі маңызды!»

Гита Ревалде:


06.03.2020 Барлық жаңалықтар


Кеше АЭжБУ аудиториясында 20 оқытушы мен ғылыми қызметкерлер өте қызықты мәселелерді қызу талқылады.  Олардың барлығын университет президенті Гита Ревалде тыңдап отырды. Отырыстың екінші сағатында барлығы бір ауыздан жазылып тұрған плакатқа түрлі-түсті стикерлерді жабыстырды.  Соңында бәрі таралып, зал тынышталған соң Гита Ревалде жағдайға қорытынды жасады:

Біз бұл тәжірибені Басқару жүйесі және ақпараттық технологиялар институтынан бастадық және осында жиналғандардың барлығы  осы құрылымдық ұйым өкілдері. Адамдар топтарға бөлініп, жұмыстың негізгі төрт бағыты бойынша өз ұсыныстарын берді, талқылап, жаңа идеяларды бірлесіп құрастырды, содан кейін қандай да бір ұсыныс үшін дауыс берді .

Семинар қорытындысын біз ЖОО басшылығынан тұратын АЭжБУ даму стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс тобына береміз .

 Алдағы уақытта осындай семинарларды біз Талдау және даму стратегиясы департаментімен, барлық институттармен және әкімшілікпен бірге өткіземіз. Бұл маңызды және пайдалы.

 Ең бастысы - барлық ұжымды мақсаттарға жету жолдарын анықтауға тарту - Электр энергетикасы, Жылу энергетикасы, IT, Аэроғарыштық технологиялар сияқты салаларда Орталық Азиядағы жетекші зерттеу ЖОО болу. Бұл біздің ортақ міндетіміз және біз оған бірге атсалысуымыз қажет!

     

ENERGO UNIVERSITY