11.05.2022 Барлық жаңалықтар
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаменті (ХЫАҰД – А 411) 1 және 2-курс (болашақ 2022-2023 оқу жылының 2-3 курсы) бакалавриат студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ бюджет қаражаты есебінен шетелде оқу конкурсына қатысуға шақырады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• жоғары деңгейлі үлгерімі
• Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі (В2 төмен емес).
Шарттары:
Конкурстық іріктеуден өткен студентке республикалық бюджет қаражатынан төмендегілер төленеді:
• “Эконом” класы бойынша барып-қайту әуе билеттері
• Студенттік жатақханада тұру
• Виза
• Медициналық сақтандыру
Білім алушылардың жеке қаражаты есебінен тамақтану, өзге де тұрмыстық және көлік шығындары шығуы мүмкін.
Үміткерлер ХЫАҰД-ға келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
• ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі
• ЖОО мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт
• ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат
• ҚР-дан шығу кезінде 18 жасқа жетпеген жағдайда, үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;
• студенттің көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
• студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер үшін);
• студенттің мүгедектігін растайтын құжат.
Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде төмендегілер басымдыққа ие болады:
-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 082/е нысан бойынша медициналық анықтаманы (шетелге шығатындар үшін) ұсынған, тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімі жоқ бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
-көп балалы отбасынан шыққан балалар;
-шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыртуы бар үміткерлер.
Құжаттарды өткізудің соңғы мерзімі – 20.05.2022 ж. дейін
Барлық сұрақтар бойынша А ғимараты 411 кабинет.