Бостандық ауданы бойынша қоғамдық медиатор Андрей Гуровпен кездесу

Бостандық ауданы бойынша қоғамдық медиатор Андрей Гуровпен кездесу

16.05.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылғы 16 мамырда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде Бостандық ауданы бойынша қоғамдық медиатор Андрей Гуровпен басшылықтың, қызметкерлер мен оқытушы-профессорлар құрамы өкілдерінің кездесуі өтті. «Құрметті әріптестер, бесінші маусымда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізіледі. Біз жас демократиялы және тәуелсіз мемлекетпіз. Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда XII шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің IX сессиясында қабылданды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Ал бүгінгі күні негізгі заңды қайта қараудың тарихи қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы толығырақ құрметті қонағымыз айтып береді» - деді университет ректоры Сауле Сагинтаева.

Андрей Гуров өз сөзінде: "Соңғы оқиғалар қазақстандық қоғамның демократиялық өзгерістер мен қайта құруларға деген қажеттілігін туғызды. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында республикалық референдум өткізуді ұсынды. Оны Өткізу туралы жарлыққа 5 мамырда қол қойылды. Конституцияның 33-бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр. Түзетулердің мақсаты – «Жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу» деп нақтылап өтті. 

Одан әрі сындарлы пікірталас басталды, оның барысында Андрей Гуров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты туралы айтты. Сонымен қатар, ол әкімдердің сайланбалылығы және Парламент жұмысының жаңа форматы туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді.

"Бұл өзгерістер бізге, қазақстандықтарға көптеген мүмкіндіктер береді. Әрине, бірден емес, бірақ біз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Мен Мемлекет басшысының саясатын қолдаймын және баршаңызды 5 маусымдағы референдумға қатысуға шақырамын!",- деп түйіндеді ректор Сауле Сагинтаева.