10.06.2022 Барлық жаңалықтар
ҚР БҒМ ҒК 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдар байқауының қорытындысы негізінде (өтінім беру 2022 жылғы 4 ақпанға дейін жүзеге асырылды) Шара Жолдаспековна Тойбаеваның жобасы жеңімпаз болып танылды.
Жоба тақырыбының атауы:
«Сапа менеджменті жүйесінің нормативтік құжаттарының ақпараттық кеңістігінде жүйелілік пен дәйектілікті қамтамасыз етудің сандық технологиясын зерттеу және әзірлеу».
Ғылымды дамыту өтінімінің басым бағытының атауы: «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар».
Жоба бойынша жұмыстың табысты аяқталуын және өмірдегі барлық биік белестерді бағындыруын тілейміз!