ДЖУНУСОВА ЛЯЗЗАТ РЫСХАНОВНАНЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ДЖУНУСОВА ЛЯЗЗАТ РЫСХАНОВНАНЫ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


20.06.2022 Барлық жаңалықтар


20 маусым күні «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті Джунусова Ляззат Рысхановна 60 жас мерейтойын атап өтеді.

Джунусова Ляззат Рысхановна 1987 жылы Алматы энергетикалық институтының (АЭИ) Жылу энергетикалық факультетін - Жылу электр станциялары (ЖЭС) мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

1980 - 1984 жылдары Ермак химиялық су тазарту МАЭС-те, одан әрі 1987 жылдан 1995 жылға дейін ЭНЕРГОМЕХАНИКАЛЫҚ бөлімнің БҒЗЖИ Ортаазиялық бөлімшесінде (САО) жұмыс істеді.

1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін АЭжБУ «Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасында жұмыс істейді. Өз еңбек жолын алдымен - аға оқытушы қызметімен бастады, одан әрі оған 2012 жылы АЭжБУ доценті атағы берілді. 2012 жылдан 2014 жылға дейін Жылу энергетика факультеті деканының орынбасары қызметін  атқарды.

АЭжБУ жұмысы барысында Л.Р. Джунусова келесі арнайы курстар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрістер оқыды: «Отын және майлау материалдарының су технологиясы», «Суды бақылау және суды дайындау әдістерінің тиімділігі», «суды дайындау жүйесінің қосалқы жабдығы», «АЭС су-химиялық режимдерінің арнайы сұраулары», «Су мен отынды дайындау жүйелерін сынау және баптау», «Суды дайындау жүйесін жобалау», «ЖЭС және СМ су технологиясы», «Су дайындау қондырғылары мен жүйелері», «ЖЭС су-химиялық режимдері және суды бақылау» және т.б. Сондай-ақ, Л.Р. Джунусова ғылыми-әдістемелік деңгейде практикалық және зертханалық сабақтар өткізеді. Оның бірлескен авторлығында 100-ден астам жарияланым, оның ішінде 3 ҚР патенті мен РУз, 5 оқу құралы, 40-қа жуық оқу-әдістемелік жұмысы жарық көрді.

Ляззат Рысхановна А-233 "Су дайындау және СХР" зертханасын жаңғыртып, 6 эксперименттік-зерттеу ВПУ әзірлеп, оқу процесіне енгізді.

Л.Р.Джунусова «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бакалаврлардың дипломдық жұмыстарының жетекшісі болып табылады.

2021-2022 оқу жылынан бастап зерттеуші, ТҒЗЗ меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ, «Мембраналық технологиялар негізінде су дайындау және CХР саласында зерттеу және әзірлеу» тақырыбы бойынша зерттеулермен айналысады. Ляззат Рысхановнаның ғылыми зерттеулері Elsevier-Skopus базасында H - 5 Хирша цитат келтіру индексінің жоғары көрсеткішімен жарияланды. ICACER 2021 Barcelona, Spain журналы сарапшыларының техникалық комитетінің мүшесі болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Л.Р. Джунусованың жетекшілігімен 2012, 2020 ж.ж. Global Water Partnership DAAD ұсынған Жылу энергетикасы бойынша СҒЗЖ республикалық конкурсында ҚР БҒМ I-дәрежелі дипломдарымен және Орталық Азиядағы су ресурстарын біріктіре басқаруда ІІ-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Л.Р.Джунусова бірнеше рет студенттік топтардың эдвайзері болды, кафедраның, институттың, АЭжБУ қоғамдық өміріне белсене қатысады. Студенттермен үнемі тәрбие жұмысын жүргізеді. Кафедрада түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Өте жауапты, сауатты әрі өз жұмысына адал педагог.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге мол бақыт, зор денсаулық, сәттілік және барлық бастамаларыңызға табыс тілейді! Тамаша жұмысыңыз бен ұжымдағы жақсы қарым-қатынасыңыз үшін рахмет! Сіздің жұмысыңыз қуаныш пен әсерлі нәтиже берсін! Бақытты шуақты күндер мен әйел бақытын тілейміз!

ENERGO UNIVERSITY