23.06.2022 Барлық жаңалықтар
Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға кешенді тестілеудің шет тілі бойынша тестінен босатылады:
АҒЫЛШЫН ТІЛІ:
IELTS Academic – кемінде 6,0;
TOEFL IBT – кемінде 60;
TOEFL PBT – кемінде 498.
НЕМІС ТІЛІ:
DSH – Niveau С1/C1 деңгейі;
TestDaF-Prufung – NiveauC1/ C1 деңгейі.
ФРАНЦУЗ ТІЛІ:
TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес;
DELF – B2 деңгейі;
DALF – C1 деңгейі;
TCF – кемінде 50 балл.
КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілейсіз. Сертификаттары бар тұлғаларға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі.
TESTCENTER.KZ материалдары бойынша // Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады//Автор: TESTCENTER.KZ - 2022-23 маусымы.