АЭжБУ жаңа Экологиялық кодекс жобасын талқылау

АЭжБУ жаңа Экологиялық кодекс жобасын талқылау


23.09.2019 Барлық жаңалықтар


Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде жаңа Экологиялық кодекс жобасын талқылауға «Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі», «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедралары бастамашылық білдірді.

Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті тағы да ел болашағы үшін маңызды өзекті мәселелерді талқылауда белсенділік танытты. АЭжБУ-де Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның жаңа экологиялық кодексі жобасын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге жетекші ғалымдар, сарапшылар, докторанттар, Алматы қ. әкімдігінің, халықаралық ұйымдардың, бизнестің өкілдері қатысты, атап айтсақ, Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс қоғамының өкілі З. Зикрина, Қазақстан қоғамдық ұйымының экологиялық форумы төрағасы В.Ни, Қоршаған орта бойынша UNEP/UNESCO төрағасы О. Атымтаев, У.М.Ахмедсафин ат. Гидрогеология және гидрофизика институтының жетекші маманы, г.-м.ғ.к.  Ю.Н. Левинский,   Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің доценті э.ғ.к. Д.Ж.Рахметуллаева,  Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығының төрағасы, Таңдамалы қолжетімді технологиялар департаментінің директоры А.К. Баймаганова, Ғ.Дәукеев ат. АЭжБУ «Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасының доценті, Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология бойынша аккредиттелген зертхана меңгерушісі Т.С. Санатова, “KazWeste”  қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық Қауымдастық өкілдері, «Тәртіп» АҚ басшылары т.б.

Қазақстан Президенті жанындағы Жасыл экономика кеңесінің мүшесі, «Жасыл экономика» ғылыми-білім орталығының директоры, э.ғ.д. Б.К. Есекина Ғ.Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры С.С. Сагинтаеваға жаңа Экологиялық кодекс жобасын талқылауға бастамашылық танытып, кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді және дөңгелек үстел қатысушыларына амандасты. Дөңгелек үстел қатысушыларына жаңа Экологиялық кодекс жобасын қоғамның, ғалымдар мен басқа да тұлғалардың ойларын толық есепке алу негізінде республика көлемінде талқылау 2018 жылдың қыркүйегінен бастау алғандығын хабарлады.

Ғ.Дәукеев ат. Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) ректоры С.С. Сагинтаева өз алғысөзінде университет ғалымдарының экологиялық проблемалар бойынша жүргізген ғылыми зерттеулері мен әзірлемелеріне тоқтала келе, бұл мәселенің маңыздылығын атап өтті: АЭжБУ студенттерінің осы бағытта қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті.

– «Экологиялық кодекс жобасын талқылау» дөңгелек үстел тақырыбы елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына жолдауымен тікелей байланысты, бұл жолдаудың негізгі бағыты – азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру және оның сапалылығын қамтамасыз ету. Осы Экологиялық кодекс те дамыған индустриалды қоғамның қолданыстағы экономикалық және экологиялық қайшылығына рұқсат етуге бағытталған, бір жағынан өмір сүру деңгейі өссе, екінші жағынан оның сапасы төмендеп жатады, ал қоршаған ортаны ластау ғаламшар экотеңгерімінің антропогендік әсерін күшейтеді. Сондықтан мемлекет пен ғылыми қоғам, бизнес-орта арасында диалог болуы қажет және барлық мүдделі тұлғалардың да сараптық ойлары маңызды. Ойды қалыптастыруға және оның одан әрі жетілдіруге әсер ететін ең маңызды тобының бірі білім және ғылым орындары, соның ішінде университеттер. Біздің университет  өзін салалық энергетикалық жоо ретінде танытады, болашақ кадрларды дайындағандықтан жауапкершілік деңгейін тиістілігінше нығайтамыз. Біз дайындаған бағдарламалар мен ғылыми әзірлемелердің қолданыстағы өндірістік технологияларды трансформациялауға, инновациялық техгологиялық шешімдерді және энергияның экологиялық өндірісін құруға бағытталуын мақсат етеміз. Бұдан бөлек, біз саналы тұтыну және экологиялық ойлау проблемаларымен айналысатын зияткерлік қоғам құрудың тікелей қатысушысымыз.

Университетте табиғатты қорғау, қоршаған орта эмиссиясына экологиялық рұқсат алуға құжаттар ресімдеу және экономикалық залалды бағалау жобасы саласында жұмыстарды орындайтын аккредиттелген зертхана бар. Университет Орталық Азия бойынша энергияның жаңғыртылатын көздері бойынша аймақтық білім беру орталығы болып табылады, сондай-ақ «Энергияның жаңғыртылатын көздері» бағыты бойынша бакалаврлар мен магистрлер дайындаймыз. Біз жасанды сана мен энергетиканың түйіскен жерінде жұмыс істейміз, «зияткерлік білім жүйелері» бағдарламасы енгізілген. Ғ.Дәукеев ат. АЭжБУ студенттері 18 әлем елдерінің 200 астам командасы қатысқан халықаралық жобаға бірінші рет қатысып, 30 үздік команда қатарына енді, онда олар қолданыстағы электромобиль үлгісін көрсетті. Біздің университеттің қызметі экологиялық жұмыс істеу мүмкіндіктерімен бірге ынталануына да бағытталған».

Қазақстанның қоғамдық ұйымының Экологиялық форумы төрағасы В.Ни келесілерді атап өтті: заңнамаға түрлі органдардың құзыреттілігі нақты жазылатын өзгертулер енгізу; үлестеу жүйесін шешу; «климат», «қоршаған орта» сияқты негізгі ұғымдарды анықтау; қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы бөлімді қайта қарастыру және әр нысанды жеке қарау; әсіресе күзетілмейтін объектілерде тұрған нысандарды тексеру; кодекстегі көптеген амалдар бірдей емес; ауылды жерлерде қоғамдық қатысу механизмі түгел айтылмаған.

Жиын барысында А.К. Баймаганова нақты технологиялық және техникалық процесстердің негізгі түсінігі қамтылған заманауи технологияларды енгізу, технологиялық анықтамалар құру туралы хабарлады.

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары талқылауға қатысып отырды, АЭжБУ аккредиттелген зертхана меңгерушісі, «Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасының доценті Т.С.Санатова Экологиялық кодекс жобасының «Нормативтік эмиссия» 21-бабына ерекше назар аударды. Ол қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың кезеңдік кешенін енгізу есебінен қалдықтардың нормативтеріне жетуге мүмкіндік беретін өнеркәсіптік кәсіпорындарға зиянды қалдықтарды шығару нормасының екісатылы жүйесін ұсынды. Сондай-ақ батыс елдеріндегідей экологиялық индекс бойынша жаңа нормалау жүйесін енгізу керектігін атап кетті.

Сындарды диалог болды, қатысушылар Экологиялық кодекстің жаңа редакциясына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынылатын  өз ескертулері мен ұсыныстарын ұсынды.

 

ENERGO UNIVERSITY