Болашақ магистранттарға арналған ақпарат

Болашақ магистранттарға арналған ақпарат

30.06.2022 Барлық жаңалықтар


Сіздер 2022 жылғы кешенді тестілеуге (КТ) тіркелдіңіздер ме? Тіркелу бағдарламасы өтініштерді 15 шілдеге дейін ғана қабылдайтынын ескертеміз.

Бұл күннен кейін БАЗА ЖАБЫЛАДЫ.

Бүгінгі танда республика бойынша 7,5 мың өтініш келіп түсті.

Егер де Сіз КТ тапсыратын қаланы немесе тапсыру тілін, сондай-ақ білім беру бағдарламалары тобын өзгерткіңіз келсе, онда сізге база жабылғанға дейін өтінішті жойып, қайтадан өтініш беруге мүмкіндік беріледі.

Электронды поштаңызға немесе телефон нөміріңізге SMS-хабарлама жіберілмейді, сондықтан Жеке кабинетіңіздегі ақпаратты өткізіп алмаңыздар.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде Жеке кабинетіңізде «Менің іс-әрекетім» бөлімінде қолжетімді болады.

Түсушілер магистратураны бакалавриатты бітірген білім беру саласына қарамастан басқа да даярлау бағыттары бойынша оқи алады.

TESTCENTER.KZ материалдары бойынша // БОЛАШАҚ МАГИСТРАНТТАР НАЗАРЫНА //Автор: TESTCENTER.KZ - 2022-30 маусымы.