ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ӘЛЕМДІК ЖИЫН ӨТТІ

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ӘЛЕМДІК ЖИЫН ӨТТІ


15.09.2022 Барлық жаңалықтар


Сонау 2020 жылдардың басынан бері өтіп келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер лидрлерінің кезекті VII съезі 14 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында өз жұмысын бастады. «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеууеттік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі» тақырыбында өткен бұл жиынға 50 шамалы елден 100 ге жуық делегаттар және 500 ге тарта журналист қатысты. Аталған жиынға әлемнің атақты дін көшбасшылары мен бірқатар діндарлар келді. Олардың қатарында: Рим папасы Франциск, пайғамбарымыздың тікелей ұрпағы болып келетін әл-Азхардың Жоғарғы имамыы шейх Ахмад ат-Тайеб, Изоайлдың Бас Сефарсд раввині Исхак Йосеф, Ресейдің патриархы Кирильдің орнына келген метрополит Антон және басқа да діни көшбасшылар бар.

Бір минут үнсіздіктен кейін сөз алған Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев, бұл басқосудың әлемдегі халықтардың бірлігі мен бейбітшілікті сақтаудағы маңызына тоқталып, бүгінгі таңда дін лидрлерінің басын қосып отырған Қазақстанның, жаһандық деңгейдегі жасампаздық өркениеттің өзегі болып отырғанын жеткізді. Ол өз сөзінде Қойлық қаласындағы қазба жұмыстарының нәтижесінде 12-14 ғасырларға тән будда және христиан дін белгілеріне жататын жәдігерлер табылып, Тараз қаласынан нестриандық бағыттағы христиан шіркеуінің болғандығы анықталса, біздің дана бабаларымыздың әр түрлі діи сенімдегі адамдар бірлігін жоғары қоюының көрінісі екенін айтты. Бұның өзі, екінші жағынан ежедгігі «Жібек жолындағы» қалалардың бойында адамзат қауымдастығын ынтымаққа жетелейтін діни нанымдардың маңызы мен рөліне ежелден көңіл бөле білген дала халқының көрегендігін де білдірсе керек. Міне, осының өзі діни бірлестіктердің жарасымды белгілерінің тамыры біздің еліміздің түкпірінде жатқан тарих қойнауларынан басталғанын көрсететін айғақты дәлел болып табылады.

Тарихқа жүгінер болсақ, мұндай жиындар XX ғасырдың 70-ші жылдарының ішінде христиан мен ислам діндарларының арасындағы түйткілдерді реттеу мақсатында болып келсе, 1986 жылы Италияның Ассзи қаласында экумендік бата жасауға көптеген дін өкілдері жиналған еді. Өкінішке орай, бұнда да біздің елде 20 жылдан бері әр үш жыл сайын болып жатқан әлемдік және дәстүрлі дін лидрлерінің еркіндікке негізделген ашық диалг түріндегі жиын бола алмады. Өйткені, біздің еліміздегі сонау «Жібек жолынан бастау алатын бұл тірлікті тарихтың таразысы көтере алмайды. Ендеше, әлемдік және дәстүрлі діндер лидрлерінің кезекті VII съезінің біздің елде өтуін, өткенді жаңғыртудың бұлтартпас заңдылығы ретінде бағалағанымыз жөп.

 Жиында сөз алған Рим папасы Франциск, өзінің бүкіл баяндамасының өзегінде, адамзатты қайырымдылық пен рақымдылық жолына түскенде, бірлік пен ынтымақты күшейткенде, әлемдегі тиыштық пен бейбітшілікті сақтауда, Абай ізіне түсіп іздестірудің маңызына тоқталса, Абайдың «Адам бол!» идесянан туындайтын ұлағаттылықтың білдің елден басталғанын амалсыз моындау болып табылады. Бұның өзі бабалар жеткізген өркениетінің өзіне дейінгі өзегін қорытындылап, жаңарта білген Абайды дүниеге әкелген қазақ халқын да әлем халқы тарапынан тануға жеткізді деген сөз.

Б.Т. Берлібаев

Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры, т.ғ.д. 

ENERGO UNIVERSITY