АЭжБУ "KazHackStan Toitarys-2022" кибер-қауіпсіздік бойынша ең ауқымды конференцияда

АЭжБУ

15.09.2022 Барлық жаңалықтар


Алматыда 14-16 қыркүйекте Атакентте ("Бакшасарай" қабылдау үйі) Орталық Азиядағы кибер-қауіпсіздік бойынша ең ауқымды "KazHackStan Toitarys – 2022" практикалық конференциясы өтуде.

2000-нан астам тіркелген қатысушы, әлемнің 30-ға жуық спикері, 16 хакерлік топ, 68 хакер және 1 Үлкен киберполигон кибер-конференцияны ұсынады.

Конференцияның негізгі спикері Jayson E. STREET - әлемдегі ең танымал хакерлердің бірі. "Dissecting the hack: Series"кітаптар сериясының авторы.

Бағдарлама:

1 күн: Government & business day

2 күн: Secure coding / development day

3 күн: Hack күні

АЭжБУ Халықаралық Электр байланысы одағының (БҰҰ ХЭО) өңірлік киберқатерлерге тыңдаушы ретінде және киберполигонда ұсынылған қалалық инфрақұрылымды жаппай бұзуға қатысушы ретінде қатысады.

Қатысушылардың міндеті - қиындықтың 3 деңгейінен өту, ішкі желіні бұзу, домендік желідегі осалдықтарды табу және қалалық инфрақұрылымның тіршілігін басқару жүйесіне шығу. Ең күрделі міндеттерді бұзу болып бизнес-орта саналады, бұл - өнеркәсіп, өндіріс. Ең күшті хакерлер SCAT жүйелері негізінде сумен жабдықтау, жарық, бағдаршамдар, пойыздар, жел станцияларын істен шығаруы керек.

"Ең күрделі бизнес-тәуекелдерді бұзған көшбасшылар жоғары балл алып, мәреде оларды естелік сыйлықтармен және ақшалай сыйлықпен марапаттайды",- деп атап өтті Данил Турсумбаев,  "Red team" бөлімі Senior Penetration Tester, АЭжБУ "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" мамандығы бойынша түлегі.

АЭжБУ студенттері мен түлектерін Ақпараттық технологиялар институтының дирекциясы, кафедра меңгерушілері, IT-инжиниринг, Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік мамандандырулары бойынша оқытушылар және жастар саясаты департаментінің директоры қолдады.

"KazHackStan Toitarys-2022" кибер-қауіпсіздік бойынша ауқымды іс-шараның ұйымдастырушысы - кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы, Орталық Азиядағы ең үздік "ЦАРКА" хакерлік командасы. "ЦАРКА" АЭжБУ-дың "Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік" бағыты бойынша кадрлар даярлау жөніндегі стратегиялық әріптесі болып табылады. Аталмыш компанияда  біздің  "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" мамандығының түлектері Елдос Нұрекен мен Данил Тұрсынбаев жұмыс істейді.