Қазақстанда атом электр станциясын салу

Қазақстанда атом электр станциясын салу


19.09.2022 Барлық жаңалықтар


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Атом электр энергиясының қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы және Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ кәсіби ортасында атом энергетикасының маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 10:00-де «Қазақстанда атом электр станциясын салу қажеттілігі туралы» дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел барысында атом энергетикасының маңызы, АЭС құрылысы, қауіпсіздік техникасы, әлемдік тәжірибе және осы салада мамандар даярлау мәселелері еркін форматта талқыланатын болады.

Дөңгелек үстелге ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, ядролық физика институтының мамандары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-ғалымдары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, студенттер, магистранттар, докторанттар.шақырылды.

Өткізу орны:

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ, «А» ғимараты, 2-қабат, 213 аудитория

Мекен-жайы: Алматы қ., Байтұрсынов к-сі 126/1.

Ұйымдастырушы: Ғылым және коммерцияландыру департаменті 

 

 

ENERGO UNIVERSITY