Астана қаласының Ұлттық ғарыш орталығында "Ghalam Open Day" Ашық есік күні

Астана қаласының Ұлттық ғарыш орталығында


20.09.2022 Барлық жаңалықтар


Бүгін, 2022 жылдың 20 қыркүйегінде АЭжБУ ректоры Сауле Сагинтаева менТелекоммуникациялар және ғарыштық инженерия институтының директоры Қуаныш Әліпбаев Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында «Ghalam Open Day» Ашық есік күніне қатысты.

Шарада ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Жеткергенұлы  Оралмағанбаетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Ақанұлы Айымбетов сөз сөйледі.   

Орталық кәсіпорын бойынша шолу экскурсиясын ұйымдастырды. «Ghalam» қызметінің негізгі түрі ғарыштық ұшу аппараттарын, Ғарыштық техника элементтері мен тораптарын, сондай-ақ өнеркәсіптік өнімдерді өндіру болып табылады.

АЭжБУ мен Ghalam арасындағы ынтымақтастық бағыттарының бірі олардың өндірістік базасында өндірістік практикадан өту болып табылады.

Бүгін қол қойылған Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен «Ghalam» ЖШС арасындағы ғарыш аппаратын құру ниеті туралы негіздемелік шарт өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін береді.

ENERGO UNIVERSITY