«Ұлағат» студенттер клубының «Жұмбақ қыз» дәстүрлі байқауы

«Ұлағат» студенттер клубының «Жұмбақ қыз» дәстүрлі байқауы

21.09.2022 Барлық жаңалықтар


«Жұмбақ қыз» байқауы өте жоғары деңгейде өтті, қатысушылар өздерін түрлі қырларынан танытып, таланттарын көрсете білді. Көрермендер кештің сапалы ойластырылған бағдарламасының арқасында тамаша көңіл-күй мен ұмытылмас әсер алды.

«Жұмбақ қыз» байқауының жеңімпазы – РЭТк-22-4 тобының студенті Жайық Әділжан болды. Жігіттердің жалпы дауыс беруімен ЭЭМК-22-1 тобының студенті Аружан Қымбатова «Сыр-сымбаты келіскен жұмбақ қыз» атағына ие болды.

«Ұлағат» студенттік клубының қызметі тіл, дәстүр, мәдениет секілді ұлттық құндылықтарды насихаттауға, нығайтуға, ұрпақтар бірегейлігін сақтауға бағытталған. Ол үшін университетте патриоттық бағыттағы кештер, белгілі ғалымдардың қатысуымен конференциялар өткізіледі, поэтикалық кештер ұйымдастырылады, жарқын театр қойылымдары мен байқаулар дайындалады.