13.10.2022 Барлық жаңалықтар
2022 жылғы 12 қазанда АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда 9 студентке атаулы стипендия қаралып, бекітілді.
Атаулы стипендиялардың құрылтайшылары:
1. «Атырау-Жарық» АҚ Басқарма Төрағасы Алтынбек Төлеуғалиұлы Қаршегенов, АЭИ түлегі, Қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
2. «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» институты» АҚ Бас директоры Жаймұхан Мақсұтұлы Медетов, АЭИ түлегі, Қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
3. «Либерти Групп» ЖШС Бас директоры Антон Олегович Комлев, АЭИ түлегі, Қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
4. Жеке кәсіпкер Гүлнара Батжанқызы Исабекова, АЭИ түлегі, Қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
5. Андрей Анатольевич Кибарин, Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының меңгерушісі, АЭжБУ профессоры, АЭИ түлегі;
6. «Қазэнергопрофсоюз» ҚБ төрағасы Оразбек Телбайұлы Бекбас, АЭИ түлегі, Қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
7. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Серік Сүйінбекұлы Тютебаев, АЭИ түлегі, Қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
8. АЭжБУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукей;
9. Автоматтандыру және басқару кафедрасының түлектері Болат Жантемірұлы Хисаров атындағы атаулы стипендияны құрды.
Түлектер қауымдастығының стипендиясы жас мамандардың қалыптасуына көмектесуге, ғылыми-зерттеу қызметінің құндылығы мен тиімділігін арттыруға, ең дарындыларын табуға және қолдауға арналған.