IT-индустриясы мен киберспорт ойын мектебі

IT-индустриясы мен киберспорт ойын мектебі

23.11.2022 Барлық жаңалықтар


Құрметті студенттер мен оқытушылар сіздерге ,АЭжБУ көлемінде   Ғ. Даукеев атындағы IT-индустриясы және киберспорт мектебінің ашылғанын қуана хабарлаймыз.

Алматы қаласында киберспортты дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жаһандық мақсаттарына сүйене отырып, университет басшылығы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ойын мектеп -индустриясы және киберспорт мектебін құру қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

Бұл іс — шараның басты мақсаты -IT-индустрия мен киберспортты оқыту бағдарламасын қалыптастыру. Киберспорт лигасын құру және біздің университеттің командаларын қалыптастыру.

Нәтижесінде тренингтен өткендер ойындарды әзірлеу мен тестілеуге мүмкіндік алады. Командалар мен клубтарды басқару, онда болашақта киберспорттағы оқиғаларды шығару және ұйымдастыру мүмкіндігі пайда болады. Киберспорт индустриясы үшін платформалық шешімдер жасау, сондай-ақ киберспорт медиасы үшін тұжырым  жасау.

Биыл біздің университет CS:GO, Dota2 бойынша университет студенттер арасында Ғ.Даукеев атындағы АЭжБУ "AUPET cyber CUP" іріктеу киберспорт жарысын өткізіп жатыр.