АЭжБУ студенттері FRC робототехника бойынша халықаралық технологиялық байқауда Қазақстанның намысын қорғады

АЭжБУ студенттері FRC робототехника бойынша халықаралық технологиялық байқауда Қазақстанның намысын қорғады


13.03.2020 Барлық жаңалықтар


4-9 Наурызда АЭжБУ студенттері Стамбулда өткен FRC (firstroboticscompetition) робототехника бойынша жыл сайынғы халықаралық технологиялық конкурста Қазақстанның намысын қорғады. Қазақстан құрамасы оқушылар мен тәлімгерлерден құрылды. Байқаудың мақсаты - алты апта ішінде жыл сайын ұйымдастырушылар белгілеген міндетті орындай алатын роботты құру.

Қатысушылар: КТТ-19-2 мамандығы бойынша Торегали Сейдегалиев, ВТк-18-5 мамандығы бойынша Айдана Бурабаева, ПСк-18-2 мамандығы бойынша Әнуар Мақсұт. Топтың тәлімгері- Ғарыштық инженерия және телекоммуникациялар институтының Электроника және робототехника кафедрасының аға оқытушысы Еркебұлан Нұрғизат..

ENERGO UNIVERSITY