13.03.2020 Барлық жаңалықтар
Құрметті студенттер!
2020 жылдың 11 наурызында ДДСҰ бүкіл әлемде коронавирус COVID-19 пандемиясын ресми түрде жариялады. Осыған байланысты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарына үндеу жолдады. Президент биліктің қауіпті инфекцияға қарсы арнайы алдын алу шараларын іске асыра бастағанын мәлімдеді. Атап айтқанда, жоғары оқу орындары, соның ішінде АЭжБУ да Қашықтықтан оқытуға көшеді.
Елімізде коронавирус індетіне байланысты бірқатар шектеулердің енгізілуіне байланысты, Алматы энергетика және байланыс университетінде университет студенттері, қызметкерлері мен оқытушылары арасында осы аурудың алдын алу және болдырмау бойынша келесі шаралар туралы шешім қабылданды:
- 13 наурыздан бастап бұқаралық іс- шараларды өткізуге тыйым салынады.
Төмендегі шаралар:
- "Dance club" есебі;
- Наурыз мерекесі;
- "АЭжБУ көктемі»;
- бірқатар конференциялар, кездесулер және дөңгелек үстелдер тоқтатылды.
- "Muzenergo" келесі семестрге ауыстырылды.
- Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барлық шетелдік тағылымдамалар мен шетелге шығулар тоқтатылады.
- 16 наурыздан бастап Жатақханалар мен оқу ғимараттарына бөгде адамдардың, оның ішінде ата-аналардың және білім алушылар туысқандарының келуіне шектеу қойылады. ⠀
- Білім алушылардың оқу ғимараттарына кіру электрондық карточкалары бұғатталады.
- 16 наурыздан бастап АЭжБУ және колледждегі оқу қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады:
- Барлық оқу материалдары (есептеу-графикалық есептер, семестрлік, курстық жұмыстар және басқа мазмұнды) http://edu2.aues.kz/ сайтында орналастырылады.
- Сабақтар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес Платонус және Moodle платформаларын қолдану арқылы өткізіледі.
- Платформаға кіруді әркім жеке логині мен құпиясөзіне сәйкес орындайды.
- Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша нұсқаулық әр студентке жеткізіледі.
- Аралық бақылау оқу процесінің кестесіне сәйкес тестілеу форматында өткізіледі.
- Мемлекеттік емтихандарды, сессияларды қабылдау, дипломдарды қорғау бойынша шешімдер Шектеулердің ұзақтығына байланысты (мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді) қабылданатын болады.
Қашықтықтан оқыту - оқудың одан да күрделі нұсқасы, себебі сізден шекті жинақтылық пен тәртіп талап етіледі. Оқытушыдан мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі болмайды!
Маңызды!!!
- Барлық студенттер 13 наурызда өз эдвайзеріне немесе кафедра меңгерушісіне:
1. WhatsApp бар жұмыс істейтін смартфонның нөмірін;
2. жеке электрондық пошта мекенжайын;
3. ЖСН хабарлауы тиіс.
2. Университет сайтында барлық жаңалықтар мен хабарландырулар жарияланып отырады, сондықтан күніне бір рет сайтқа кіру, жаңалықтармен танысу және сәйкесінше тапсырмаларды орындау қажет.
Толық ақпарат алу үшін институттар дирекциясына хабарласу қажет.
Университет әкімшілігі АЭжБУ студенттері өзінің саналылығын, ұйымшылдығын және тәртіптілігін көрсететіндігіне сенім білдіреді. Есте сақтаңыз: Сіздің денсаулығыңыз бен оқудағы табыстарыңыз - сіздің қолыңызда!
Денсаулықтарыңызды күтіңіздер және вирустың алдын алу мен одан қорғанудың барлық шараларын сақтаңыздар!