"Математикалық олимп-2023" 1 курс студенттері арасындағы жоғары математикадан олимпиада



19.01.2023 Барлық жаңалықтар


Дәстүр бойынша Математика және математикалық үлгілеу кафедрасы жыл сайын көктемде университеттің 1 курс студенттері арасында жоғары математикадан олимпиада өткізеді. "Математикалық олимп-2023" 2023 жылғы 4 сәуірде АЭжБУ Б корпусының 218 және 222 аудиторияларында өткізілді. 1 курстың 70 студенті қатысты. Олимпиаданың барлық қатысушыларына екі сағат ішінде 5 есепті шешу ұсынылды.

Қазылар алқасының құрамына: проф. Байсалова М. Ж. (төраға), доцент Масанова А. Ж., аға оқытушы Төлеуова Б. Ж.

Жазбаша жұмыстарды қорытындылай келе, комиссия шешім қабылдады:

I орын

Пак Андрей, СИБ-21-6 тобының студенті

II орын

Нысаналин Елдос,  ЭЭк-22-5 тобының студенті

Сабадах Мария, ИС-22-5 тобының студенті

III орын

Тарабыкин Мирослав, ИС-22-6 тобының студенті

Берішбаев Әлішер, ЭЭк-22-5 тобының студенті

Бағытжанов Ерназар, АУк-22-3 тобының студенті

АЭжБУ  "Математикалық олимп-2023" жүлдегерлерін ақшалай сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапаттайды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

ENERGO UNIVERSITY