"Өрт қауіпсіздігі" бағыты бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы



10.05.2023 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ студенті Хасенова Зарина Ренатовна (6В07113 – Инженерлік экология жәнеэнергетикадағы қауіпсіздік ББ) «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша XV республикалық пәндіколимпиадада екінші орын алды.

Олимпиада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өтті. Білім турниріне 6В112-«Өндірістік гигиена және еңбекті қорғау» бағыты бойынша білім алатын ЖОО студенттері қатысты. Зарина Хасенова жоғары білім деңгейін көрсетіп, жүлделі екінші орынға ие болды.

         Заринаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз, одан әрі табыстар мен үлкен жеңістер тілейміз!

         «Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасының доценті т.ғ.к. Фарида Рустамбековна Жандаулетова мен аға оқытушы Елена Михайловна Тыщенко студенттерді жақсы дайындағаны және қолдағаны үшін алғыс айтамыз!