АЭжБУ студенттері Қаламбай Ұлбике Пархатқызы, Сәрсенбаева Сайра Мұқтарқызы, Қыдырқұл Аят Қуатбекұлы «Электротехниканың теориялық негіздері», «Жылу техникасы» пәндері бойынша XV Республикалық пәндік олимпиадада екінші орын алды

АЭжБУ студенттері Қаламбай Ұлбике Пархатқызы, Сәрсенбаева Сайра Мұқтарқызы, Қыдырқұл Аят Қуатбекұлы «Электротехниканың теориялық негіздері», «Жылу техникасы» пәндері бойынша XV Республикалық пәндік олимпиадада екінші орын алды

24.05.2023 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ студенттері Қаламбай Ұлбике Пархатқызы, Сәрсенбаева Сайра Мұқтарқызы, Қыдырқұл Аят Қуатбекұлы (ОП 6В08701 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету) XV Республикалық пәндік олимпиадада «Электротехниканың теориялық негіздері», «Жылу техникасы» пәндері бойынша екінші орын алды.

Олимпиада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өтті. Білім турниріне ЕП 6В08701 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

 

АЭжБУ студенттері Қаламбай Ұлбике Пархатқызы, Сәрсенбаева Сайра Мұқтарқызы, Қыдырқұл Аят Қуатбекұлы білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.

         Қаламбай Ұлбике Пархатқызын, Сәрсенбаева Сайра Мұқтарқызын, Қыдырқұл Аят Қуатбекұлын лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен үлкен жеңістер тілейміз!

         PhD докторы, «Энергиямен қамтамасыз ету және жаңартылатын энергия көздері» кафедрасының доценті Сағындықова Айгүл Жүрсінқызына студенттерді тамаша дайындап, моральдық қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз!