«Орталық Азиядағы энергетикалық ауысуды жүзеге асырудағы әйелдің рөлі» атты жазғы лагерь

«Орталық Азиядағы энергетикалық ауысуды жүзеге асырудағы әйелдің рөлі» атты жазғы лагерь


15.06.2023 Барлық жаңалықтар


    Ғұмарбек Дәукеев  атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 12 мен 15 маусым аралығында USAID «Орталық Азия Энергетикасы» атты жоба аясында «Орталық Азиядағы энергетикалық ауысуды жүзеге асырудағы әйелдің рөлі» атты жазғы лагерь өткізілуде. Гендерлік теңдік пен әртүрлілікке қол жеткізу халықаралық деңгейде тұрған басты мәселе және БҰҰның «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мен барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты тұрақты дамуы мақсаттарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.

     Жоба энергетика секторында мықты кадрларды құруға және кәсіби дайындықты, білім беру, потенциалды өсіру, жергілікті ұйымдардың тәжірибесін пайдалану және гендерлік теңдік пен инклюзивтілікті қамтамасыз етуді ынталандыру бойынша сектор аралық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.

    Аталған іс-шарада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстаннан келген нәзік жандылар өкілдері қатысады.

    Лагерьдің ашылу салтанатында АЭжБУ КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Фуадбей Гаджиев пен USAID/Central Asia аймақтық миссиясы директорының орынбасары Луис А.Ривера құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуында әйелдер рөлінің маңыздылығын атап өтті.

    EY Консалтинг тәжірибе менеджері Дилара Шуршенаның әйелдер қоғамдастығының рөліне, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ ЖЭК секторын қолдау бойынша бағдарламасы жұмысының нәтижелері мен Қазақстандағы гендерлік теңдікті алға жылжыту; UNICEF амбассадоры және UniSat жобасының менторы Дана Байтукаеваның қыздарға арналған нано-спутниктік білім беру бағдарламасы туралы баяндамалары тындалды.

   Сондай-ақ іс-шарада сөз сөйлегендер:

    Аталған іс-шараның негізгі бастамалары: энергетика, энергетика саласындағы гендерлік теңгерім қағидаттарын алға жылжытуға арналған алаңдарды құру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, энергетикадағы әйел-көшбасшы санын арттыру мақсатында білім беру және менторлық бағдарламалар саласында жұмыс жасайтын Орта Азия әйелдерін біріктіру болып табылады.

 

Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының директоры А.Бегимбетова,

шетелдік және сыртқы серіктестермен жұмыс жөніндегі бас маманы Ж.Суйменбаева

ENERGO UNIVERSITY