Анхальт (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің президенті Йорг Богдан және профессор Эдуард Сименспен кездесу өтті

Анхальт (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің президенті Йорг Богдан және профессор Эдуард Сименспен кездесу өтті


26.06.2023 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 2023 жылғы 22 маусымда Анхальт (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің президенті Йорг Богдан және профессор Эдуард Сименспен кездесу өтті. Кездесу нәтижесінде бакалавриат пен магистратурада даярлықтың екі деңгейіне арналған "Биомедицина және биотехникалық жүйелер мен аппараттар" бағыты бойынша екінші бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу, одан әрі қос дипломды бағдарламаға айналдыру талқыланды. Қазіргі уақытта idea EAST (DAAD) - Internationilzation Hub халықаралық жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

 2021 жылы HSA-мен бірлескен "жүйелік инженерия" білім беру бағдарламасын әзірлеу жобасы әзірленді, ол бойынша бүгінде 111 студент оқиды (1 және 2 курс). Осы бірлескен білім беру бағдарламасы шеңберінде 2022-2023 жылдары 10 студент тағылымдамадан өте алды, ПОҚ-ның 4 академиялық алмасуы ұйымдастырылды, тілдер кафедрасымен бірлесіп "жүйелік инженерия" бағыты топтарының студенттері үшін неміс университетінің оқытушысы Анхальт Фрау Антье Фекхнердің қонақ дәрістері ұйымдастырылды; 2023 жылдың сәуір айында HSA-ның 2 оқытушысы осы бірлескен білім беру бағдарламасы студенттеріне қонақ дәрістер өткізді, ал тіл білімі кафедрасының оқытушысы С.А. Мұратбекова академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Анхальтқа жіберілді.