03.07.2023 Барлық жаңалықтар
Жаратылыстану-ғылыми және техникалық ғылымдар, педагогикалық (тек жаратылыстану пәндері бойынша) бағыттары бойынша мамандықтар алу үшін қазақстандық жоғары оқу орнында оқуды жоспарлап отырған мектептің/балалар үйінің/жасөспірімдер үйінің/колледждің түлегі бағдарлама қатысушысы бола алады. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар жастардан да өтініштер қабылданады.
“ÓRLEÝ” (Өрлеу) бағдарламасының байқауына қатысу үшін 2023 жылғы 25 сәуір мен 14 шілде аралығында Қордың yessenovfoundation.org сайты арқылы онлайн өтінім беру қажет.
* Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 14 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де (GMT + 6). аяқталады.
Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі керек:
Грант ізденушінің ата-анасы және (немесе) заңды өкілі үшін міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
- зейнетақы туралы анықтама: жасы, мүгедектігі бойынша (бар болса);
- жәрдемақы туралы анықтама: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыраушысынан айрылу, жұмыссыздық, АӘК және өзге де негіздер бойынша (бар болса);
- кәсiпкерлiк объектiсiнiң болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- грант ізденушінің заңды өкілінен және (немесе) ата-анасынан өтінім берілген күн бойынша зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме;
- тұрғын үйдің, автокөліктің, қосалқы шаруашылықтың, т.б. болуы/болмауы туралы ақпарат.
Грантқа үміткер үшін міндетті құжаттар:
- Жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
- Келесілерден тұратын мотивациялық хат (750 сөзден аспайтын):
- a. өзіңіз және отбасыңыз, отбасында қанша адам тұратыны туралы ақпарат;
- қызығушылықтары мен әуестіктері туралы;
- жетістіктері туралы;
- оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы ақпарат;
- білім алу үшін дәл осы мамандықты таңдау себебі;
- таяудағы 10 жылға арналған жоспарлар туралы.
- Орта мектепті/колледжді бітіргені туралы аттестат/диплом («жақсы және өте жақсы» деген бағаларынан төмен ізденушілердің өтінімдері қаралмайды), ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат (ЖОО-ға түсу үшін), ЖОО студенттері үшін транскрипт;
- Мүгедектігі туралы анықтама (бар болса);
- Балалар үйі немесе жасөспірімдер үйі тәрбиеленушісінің анықтамасы.
Қосымша құжаттар:
- Академиялық жетістіктері үшін грамоталар мен дипломдар – 2 данадан көп емес *;
- Басқа жетістіктері (спорттық, шығармашылық және т.б.) үшін грамоталар мен дипломдар – 2 данадан көп емес*;
- Соңғы үш жылдағы фото:
- барлық отбасы мүшелері немесе олардың көпшілігі бар отбасылық (соңғы үш жылда) – 2 дана.
Қажет болған жағдайда, Қор қосымша құжаттарды талап ету құқығын өзіне қалдырады.