27.03.2020 Барлық жаңалықтар
Құрметті студенттер!
ТЖ режимі қарсаңында білім алушылар мен олардың ата-аналарының көпшілігі кіріс көзінен қол үзіп қалды немесе айтарлықтай азаю орын алып отыр.
Осыған байланысты Ректорат оқу ақысын 5 мамырға дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Білім алушы төлем мерзімін ұзарту үшін Ректордың атына өтінішті ТЖ кезінде білім алушының және/немесе ата-анасының табысының азайғаны немесе одан айырылғанын растайтын фото немесе сканы қоса берілген және себебі көрсетілген құжаттарымен бірге call-center@aues.kz электрондық поштаға жіберу қажет, институтты міндетті түрде жазыңыз.
Біз жағдайдың барлық күрделілігін түсінеміз, бірақ сонымен бірге сабақтар кесте бойынша онлайн режимде өтетінін ұмытпауыңызды сұраймыз, ал мәжбүрлі карантин – демалыс емес, тек оқу форматының ауысуы.
Сіздерге денсаулық және шыдамдылық тілейміз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, call-center@aues.kz пошталық мекенжайына жазуыңызды сұраймыз.
Ректорат