12.12.2023 Барлық жаңалықтар
Energo University-де болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері бойынша Республикалық олимпиада өтті.
8-желтоқсанда Energo University-де «Самрұқ-Энерго» АҚ қолдауымен 2-3 курс студенттері үшін болашақ энергетиктер арасында физика-математика пәндері бойынша Республикалық олимпиада өтті. Оған біздің университеттің студенттері, сонымен қатар ОҚЗУ, ҚҰУ, БҚИТУ, және ЛКА білім алушылары қатысты.
Олимпиада Energo University-де болашақ мамандарды кәсіби бағдарлау, энергетикалық бейіндегі мамандықтарды дәріптеу, дарынды жастарды анықтау, мамандарды даярлау сапасын арттыру, зерттеу, әкімшілік және өндірістік қызмет үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Білім екі секцияда тексерілді – «Электр техниканың теориялық негіздері» және «Жылу техникасының теориялық негіздері».
«Электр техниканың теориялық негіздері» секциясы бойынша қазылар алқасының құрамына кірді:
Мусапирова Г.Д., ЭТФ каф.меңгерушісі-төрайымы
Нурахманов Б. Т. - «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жедел жұмыс жөніндегі басқарушы директоры
Баймаганов А.С. –физика және электр техника кафедрасының доценті
Креслина С.Ю. - физика және электр техника кафедрасының аға оқытушысы
Дагарбек Р. - физика және электр техника кафедрасының аға оқытушысы
Аршабекова А.Т. - хатшысы, физика және электр техника кафедрасының оқытушысы
«Жылу техникасының теориялық негіздері» секциясы бойынша қазылар алқасының құрамына кірді:
Умышев Д.Р. – төрағасы, PhD докторы, жылу энергетика кафедрасының профессоры
Шаяхметов А. Н. – «Алматы электр станциялары» АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Өндірістік департаментінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы
Борисова Н. Г. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, жылу энергетика кафедрасының доценті
Мусабеков Р. А. – техника ғылымдарының докторы, жылу энергетика кафедрасының профессоры
Туменбаева М. Т. – хатшысы, жылу энергетика кафедрасының аға оқытушысы
ЭТТН секциясы бойынша олимпиада жеңімпаздары болып танылғандар:
1. Ахмедов Даулет Ермекұлы, Energo University
2. Сухоруков Руслан Алексеевич, ҚазҰУ
3. Әмір Алқабекұлы, Energo University
4. Кайратов Асет Кайратович, ҚазҰУ
ЖТТН секциясы бойынша олимпиада жеңімпаздары болып танылғандар:
1. Мукашева Алима Темирханқызы, ҚНУ
2. Курманова Фируза Муслимовна, ҚНУ
3. Салиева Дилмира Абдирахманқызы, ОҚЗУ
4. Аптөреева Шапағат Айтөреқызы, Energo University
Олимпиада туралы ережеге сәйкес, оның жүлдегерлері «Самрұқ-Энерго» АҚ гранттары мен шәкіртақыларымен және Energo University дипломдарымен марапатталады.
1-орын - "Самұрық-Энерго" АҚ-ның бакалавриатта одан әрі оқу ақысын төлеуге арналған гранты, студент мемлекеттік білім беру гранты шеңберінде оқыған жағдайда - бір оқу жылына айына 75 мың теңге мөлшерінде шәкіртақы төлеу, 1-дәрежелі диплом;
2-орын – "Самұрық-Энерго" АҚ-ның бір оқу жылына айына 40 мың теңге мөлшеріндегі шәкіртақысы, 2-дәрежелі диплом;
3 место – "Самұрық-Энерго" АҚ-ның бір оқу жылына айына 30 мың теңге мөлшеріндегі стипендиясы, 3-дәрежелі диплом;
4 место – "Самұрық-Энерго" АҚ-ның бір оқу жылына айына 20 мың теңге мөлшеріндегі стипендиясы, 4-дәрежелі диплом;