07.02.2024 Барлық жаңалықтар
6 ақпанда «Alumni club ЭНЕРГО» қозғалысы аясында Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2013 жылғы түлегі, ментор, біздің университетіміздің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, «RIZA GLOBAL» ЖШС (энергия үнемдегіш және цифрлік технологияларды енгізумен айналысады) техникалық директоры Агыбаев Мадимен студенттердің кездесуі өтті.
Шингисханович Мади өзінің 3-4 курс студенттерімен кездесуіне «Жұмысқа орналасу: мансапты қалай бастайды» деген тақырыпты таңдағаны кездейсоқ емес. Өйткені бұл мәселе ерекше оларды алаңдатады. Маман өзінің сөз сөйлеуінде жақсы қызметкердің бойында тек кәсіби құзыреттіліктің болуы ғана емес, сонымен қатар soft skills: ең бастысы - адал және шынайы, жауапты және ұқыпты, ықыласты және түсінігі бар адами қасиеттерге ие болудың маңыздылығын атап өтті. Осы қасиеттерге ие бола тұра, жас адам өтірік айтпайды, компанияны және бастықты арандатпайды. Екіншіден, Агыбаев Мадидің ерекше назарды аудартқан нәрсесі, бұл – көрсетілетін эмпатияға ие болу қажеттілігі.
- Сіз үздік кәсіпқой маман бола аласыз, - деп атап өтті спикер, - бірақ, егер сіз қарым-қатынасты реттей алмасаңыз, адамдардың жағдайына кіре алмасаңыз, олардың көңілін өзіңізге аударта алмасаңыз, сізді жұмысқа қабылдауы екіталай.
Дегенмен жақсы адам – бұл мамандық емес екенін естен шығармау қажет. Яғни, рухани және кәсіби дамуда тепе-теңдікті сақтаған жөн. Ал ол үшін ОҚУ маңызды, тек мамандандырылған ғана емес, сонымен қатар көркемдік әдебиетті де. Бұдан бөлек, міндетті түрде шетел тілдерін оқу міндетті.
Және, соңғысы, біздің қонағымыз көңілін аударған нәрсе, бұл – сарқылмайтын ресурс – ЭНЕРГО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БАУЫРЛАСТЫҒЫ. Сіз кім болсаңыз да, кіммен кездесіп қарым-қатынасқа түссеңіз де, қандай жағдайға тап болсаңыз да, есіңізде сақтаңыз – біздің университетті кім-де кім бітірсе де, олар сізді әрқашан қолдайды!
Кездесу барысында Агыбаев Мади өзінің жеке мансаптық өсу жолы, өзінің жетістіктері туралы айтып, атқарымдарымен бөлісті. Сонымен қатар, төртінші курстағыларға қарағанда болашақ жұмыс орнын таңдауға уақыттары жеткілікті үшінші курстарға құнды кеңес берді.
- Сіздерде өздеріңіз үшін университетті аяқтағаннан кейін жұмыс істегілеріңіз келетін кем дегенде бес компанияларды анықтау мүмкіндіктеріңіз бар, - деп айтты ментор. – Сіздер сол жаққа барып, олардың қызметкері болуы үшін қандай дағдыларды игеру қажет екенін біле аласыздар. Сосын қалған уақыттарыңызды сол айтқан дағдыларды игеруге арнасаңыздар болады.
Кездесудің аяғында спикер қатысып отырғандарға RIZA GLOBAL компаниясына жұмысқа орналасқысы келетін (айтпақшы, бұл компания біздің студенттерді іс-тәжірибеден өткізуге белсенді түрде қабылдайды) үміткерлерге ылғи беретін тесттік тапсырмадан өтуді ұсынды. Студенттер оны жеңіл орындап, мадақтамаға ие болды. Агыбаев Мади шындап келгенде үміткерлердің көбісі бұл тесттік тапсырмадан өте алмайтыны туралы айтты.
Кездесудің соңында қатысқандардың барлығы спикерге сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Есте қаларлығы, кездесудің ресми аяқтауының өзінде студенттер Мади Шингысхановичке өздерін толғандыратын жеке сұрақтарымен барып, болашақ таңдаған мамандығының дұрыстығына күмәнданатындарымен және соған байланысты қорқыныштарымен бөлісті.
Әңгіме қарапайым және сырлас болды: кіші інілеріне аға жолдас келді. Өз жақындарына ниетпен және көмек көрсетуге дайындығымен келді, - осылайша Жастар саясаты департаментінің Түлектермен жұмыс бөлімі бастығы Абдуллина Зарема өткен кездесуді сипаттап берді. – Және осындай пайдалы кездесулер біздің қайырымды салтымызға айналады деп үміттенеміз.