Energo University мен Талдықорғанның политехникалық колледжі әріптестік туралы келісті

Energo University мен Талдықорғанның политехникалық колледжі әріптестік туралы келісті

21.02.2024 Барлық жаңалықтар


Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) және Талдықорған қаласының жоғары Политехникалық колледжі басшылықтары диалогының нәтижесі болды. 

Қазақстанның әр аймағының колледж түлектері Energo University-дің студенттері атануда. Өз кезегінде университет техникалық және кәсіптік білім беру (ТжБО) мекемелерімен өзара іс қимыл жасауға әрқашан дайын. 

 Қаңтардың аяғында IT-инженерия кафедрасының қызметкерлері  – меңгеруші Ляйля Тукенова  және аға оқытушы Азамат Кальпебаев -  өздерінің Талдықорғанға сапары кезінде Жоғары политехникалық колледжінде болып қайтты. Ал ақпанда  Талдықорған Жоғары политехникалық колледжінің директоры Шынгыс Нургожаев және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бахтияр Саткулов Energo University-дің қонақтары болып келді. Келудегі мақсат – әріптестік туралы меморандум жасау.

Өзара қызығушылық Energo University Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты мен Талдықорған Политехникалық колледжінің білім беру қызметінің ұқсас бағыттарына байланысты. Сонымен, университетте "Ақпараттық жүйелер", "Бағдарламалық инженерия", "Computer Science" ("Информатика"), "Есептеу техникасы және бағдарламалау", "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері", "Қаржы құрылымдарының ақпараттық қауіпсіздігі" сияқты білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі. Ал Талдықорған политехникалық колледжі "Есептеу техникасы және бағдарламалау", "Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" және т.б. мамандықтар бойынша дайындықты жүзеге асырады.

Energо University-де ресми кездесуді ректор Мурат Сыздыков ашты, сондай-ақ кездесуге университетімізден академиялық жұмыс жөніндегі проректор Айгул Саренова, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Игорь Федоренко қатысты.

Талқылау барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды. Колледж басшылары сонымен қатар Apple, Huawei, National Instruments, Schneider Electric, Huawei Siemens, Apple, Honeywell, Cisco, Kaspersky, Dr.Web. сияқты компаниялармен достастықта құрылған Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының оқу зертханаларының мүмкіндіктерімен танысты.

- Сіздің университетіңізге келген себебіміз, колледжді одан әрі дамыту үшін бізге жаңа білім мен тәжірибе алу мақсатында жоғары біліммен интеграция қажет, - деп атап өтті Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Шынгыс Нургожаев. – Келесі мақсат – оқытушыларымыздың біліктілігін арттыру. Біз Алматы энергетика және байланыс университетінен ең мықты мамандардың шығаратынын білеміз. Сондықтан біздің түлектер сіздің университетіңізге барғанын қалаймыз.

Energo University-дің басшылығы өз тарапынан Университетіміздің Қазақстанның барлық өңірлерінің колледждерімен бірлескен жемісті қызметке жәрдемдесуге дайын екендігін атап өтті.

  Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты