Energo University және The University of Glasgow арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

Energo University және The University of Glasgow арасындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

28.02.2024 Барлық жаңалықтар


27 ақпанда Energo University-де Университет басшылығының the University of Glasgow өкілдерімен кездесуі өтті. Тараптар ынтымақтастықтың болашағы мен әлеуетін талқылады.

The University of Glasgow бұл Ұлыбританиядағы ең көне (1451 жылы құрылған) және ең беделді университеттердің бірі. Ол QS World Rankings және Times Higher Education World University Rankings рейтингтерінде жоғары орында тұрған Университет.

Кездесу барысында оқу орындарының өкілдері академиялық және ғылыми бағдарламаларды дамыту туралы идеялармен алмасты, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасында студенттер мен оқытушылар арасында өзара алмасудың маңыздылығын атап өтті.