07.03.2024 Барлық жаңалықтар
1. Алғашқы тербеліс кезінде сабыр сақтаңыз және басқаларды тынышталдыруға тырысыңыз. Дүмпу кезінде ғимараттан шығуға тырыспаңыз!
2. Тез әрекет етіңіз,жағдайға баға беріңіз: ғимараттан шығуға ең қысқа жолды анықтау үшін сізде 10-20 секунд бар. Ары қарай жаңа дүмпулер жалғасуы мүмкін.
3. Балаларға, мүгедектер және қарттарға көмек көрсетіңіз.
4. Дүмпу кезінде лифт және баспалдақты пайдаланбаңыз.
5. Егер ғимараттан шығып үлгермесеңіз, ауыр жиһаздардың, терезелердің, үлкен люстралардың және басқа да үлкен және бос интерьер заттарының жанында тұрмаңыз.
6. Қауіпсіз орындарды анықтаңыз немесе кіреберіс есіктегі тіректі ұстап тұратын ішкі қабырғаға тұрыңыз. Біздің университетте қауіпсіз орындар қолшатыр бейнеленген тақтайшалармен белгіленген.
7. Су, газ және электр қуатын өшіріңіз.
8. Тербелістердің аяқталуын күтіңіз, содан кейін - ғимараттардан, тіректерден, биік ағаштардан және сымдардан алыс ашық алаңға тез шығыңыз.
9. Егер жер сілкінісі кезінде үйде болсаңыз, ғимараттан лифтпен емес баспалдақпен түсіп, алдын ала дайындалған дабыл чемоданын өзіңізбен бірге алып шығыңыз.
10. Сіз үйде, ғимаратта, әлде далада жүрген кезіңізде " Барлығыңыз назар аударыңыз!" сиренаның дабылын естіген сәтте хабарламаларды тыңдаңыз және алынған ақпаратқа сәйкес әрекет етіңіз.