Ныгыметов Гани Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры атанды

Ныгыметов Гани Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры атанды


02.05.2024 Барлық жаңалықтар


 «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен Ныгыметов Гани ЖОО-ның жаңа ректоры болып тағайындалды.

«Жаңа басшылықтың алдына ЖОО-ның зерттеу әлеуетін күшейту, халықаралық әріптестермен бірлесіп жаңа академиялық бағдарламаларды дамыту, үздік профессорларды, сондай-ақ жетекші салалық компанияларды ынтымақтастыққа тарту арқылы Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің жетекші техникалық университетіне трансформациялау бойынша ауқымды міндеттер қойылды»,- деп ЖОО-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы энергетика және байланыс университеті 1975 жылы энергетикалық факультетінің Қазақ политехникалық институтының құрамынан дербес ЖОО ретінде бөлініп, құрылғанын  атап өткен жөн. Бүгін АЭжБУ  Жылу және электр энергетика, Телекоммуникация, IT-технологиялар, Ғарыштық инженерия саласында кадрлар даярлауды жүзеге асырады. Университет колледж, бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды.

Ныгыметов Гани 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (халықаралық қатынастар саласындағы маман), АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институты (мемлекеттік басқару магистрі) сонымен қатар, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (іскерлік әкімшілендіру магистрі) бітірген.

Гарвард университетінің Кеннеди атындағы басқару мектебінде, Сингапур ұлттық университетінде басшылардың біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Еңбек жолын Нью-Йорктегі БҰҰ Даму Бағдарламасының штаб-пәтерінде тағылымдамадан бастады.

2007-2009 жылдары - "ҚР Үкіметі және Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы" АҚ мемлекеттік басқару департаментінің жоба менеджері.

2010-2013 жылдары - Назарбаев Университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университеті Энергетикалық зерттеулер орталығы бас директорының орынбасары.

2013 пен 2016 жылдар аралығында - ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті.

2016-2018 жылдары - "Стратегиялық бастамалар орталығы" ЖШС атқарушы директоры, "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2018 ж. мамыр мен 2020 ж. мамыр аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі меңгерушісінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.