03.05.2024 Барлық жаңалықтар
29-30 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" білім беру бағдарламасының "Тіршілік қауіпсіздігі" бағыты бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Іс-шараға еліміздің 11 жоғары оқу орнынан командалар қатысты. Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) атынан Экология және инженериядағы менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Тыщенко Е.М. жетекшілігімен 6B11201 "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" білім беру бағдарламасының студенттері - Серікбай Гүлмерей, Дәулеткерей Әйгерім және 6В11202 – Энергетикадағы Инженерлік экология және қауіпсіздік білім беру бағдарламасының студенті - Хасенова Зарина қатысты.
Олимпиаданы жеке есепте өткізу нәтижелері бойынша біздің студент Дәулеткерей Әйгерім үшінші орынға ие болды.
Оны жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!