«Халық Банк» ENERGO UNIVERSITY-дің IT-мамандығының студенттері үшін ашық есік күндерін ұйымдастырды

«Халық Банк» ENERGO UNIVERSITY-дің  IT-мамандығының студенттері үшін ашық есік күндерін ұйымдастырды


14.05.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) IT бағыты бойынша білім алатын студенттер Ашық есік күні аясында еліміздегі ең ірі банктердің бірі – "Халық банкіне" барды.

Университеттің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының негізінде IT-мамандығының студенттері білім алады, сол институт пен Банк қызметкерлерін дамыту басқармасының кездесуінде ынтымақтастық нысандарын талқылау барысында аталған іс-шаралар жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

 «Халық банкте» Кибер қауіпсіздік кафедрасының –«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» және «Қаржы құрылымдарының ақпараттық қауіпсіздігі» мамандығының студенттері  және IT-инженерия кафедрасының – «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу және бағдарламалау», «Информатика» және «Бағдарламалық инженерия» мамандықтары бойынша білім алатындар да болды.

Студенттер алдында HR-департаментінің және IT-блоктың мамандары сөз сөйледі. Олар тиімді желі құру, "Халық банкіне" жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, түйіндемені қалай құрастыру және әңгімелесуден қалай сәтті өтуге болатыны туралы айтып берді". Сондай-ақ "Банктің цифрлық өнімдері мен жобалары" және "Транзакциялық жүйелерді тестілеу" сияқты маңызды тақырыптарға шолу жасады.

Банктің мамандары мен оның жұмысының ерекшеліктерімен өткізілген таныстық студенттерде үлкен қызығушылық пен пікірлерді тудырды. Сол кейбір пікірлер: «Барлығы пайдалы және мазмұнды болды"; "Мен көп нәрсені білдім"; "Мен "Халық банкінде" жұмыс істеуге тырысамын; "Түйіндеме жазу және сұхбаттасу бойынша ұсыныстарыңыз үшін рақмет"; "Өзіңізбен жұмыс істеуге уәждеме пайда болды"; "Студенттерге спикерлердің көзқарасы ұнады. Барлығы түсінікті! Өте түсінікті, олар біздің болашағымыз үшін не қажет екенін егжей-тегжейлі айтты".

Energo University-дің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының басшылығы «Халық банк»-ке  Ашық есік күндерін ойластырып және оларды өте мазмұнды өткізгені үшін рақметін айтады.

          Ашық есік күні барысында Киберқауіпсіздік және IT-инженерия кафедраларының оқытушылары "Халық банк"-нің мамандарымен одан әрі ынтымақтастық нысандарын, соның ішінде Университетте қонақ дәрістер өткізуді, студенттердің іс-тәжірибеден, тағылымдамадан және интернатурадан өтуін талқылады.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

ENERGO UNIVERSITY