Energo University-дің студенттеріне арналған Түрген шатқалындағы тим-билдинг

Energo University-дің студенттеріне арналған Түрген шатқалындағы тим-билдинг


29.05.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің  (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика жәәне байланыс университеті) оқу жылы бойы университет өміріне белсенді қатысқан 78 студенті университеттің қолдауымен Түрген шатқалында демалды.

Студенттік клубтардың қатысушылары, спортшылар, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары көкке шығуды өткізді, ойын ойнады, гитарамен ән айтты, тіпті аю сарқырамасына жорыққа шықты. Ал Energo University психологиялық қызметі олар үшін коммуникативтік дағдыларды біріктіру және дамыту бойынша тренингті өткізді.

Университеттің жастар саясаты департаменті ұйымдастырған бұл сапар біздің белсенді студенттеріміз үшін атқарған еңбектеріне лайықты демалыс болды.

ENERGO UNIVERSITY