Energo University получит в дар медицинскую технику от Adamant Group для обучения студентов

Energo University получит в дар медицинскую технику от Adamant Group для обучения студентов


28.06.2024 Барлық жаңалықтар


Бүгін Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) "Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар" білім беру бағдарламасын дамыту мақсатында ЖОО мен Қазақстанда медициналық жабдықтарды жеткізумен және сатумен айналысатын Adamant Group компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумға Energo University ректоры Нығыметов Ғани және Adamant Group директоры Савин Виталий қол қойды. Серіктестік қатынастарды дамыту аясында университетте оқу зертханасын құру жоспарлануда, оған компания өтеусіз негізде физиотерапиялық бағыттағы медициналық жабдықтарды: ультрадыбыстық және ультра жоғары жиілікті терапия аппараттарын, көпфункционалды физиотерапиялық жүйені және басқаларын жеткізеді.

Қазақстандық Adamant Group компаниясы 20 жыл бойы медициналық және зертханалық жабдықтарды жеткізу, сату және сервистік қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асырады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Алматы энергетика және байланыс университетінде тағы бір танымал отандық компания, заманауи медициналық жабдықтардың ірі қазақстандық өндірушісі "Ordamed" диагностикалық бағыттағы медициналық жабдықтардың оқу зертханасын ашылды.

ENERGO UNIVERSITY