Жасыл энергетиканы дамыту: Energo University USAID-пен бірге Алматыда шатырлық күн электр станциясын іске қосты

Жасыл энергетиканы дамыту: Energo University USAID-пен бірге Алматыда шатырлық күн электр станциясын іске қосты


04.07.2024 Барлық жаңалықтар


АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) «Орталық Азия энергетикасы» жобасы аясында Energo University (Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) ғалымдары және оқытушыларымен бірге Алматыда коммерциялық ғимараттардың бірінің шатырында қалалық шатырлық күн электр станциясы (ШКЭС) орнату жобасын іске асырды. Фотоэлектрлік жүйенің орнатылған қуаты 52,32 кВт/пик және ол әрқайсысы 545 Вт қуаттылықтағы 96 «CWT545-144PM10» панелінен тұрады.

Бұл жобада Energo University КСЭ-нің кеңею мүмкіндігін бағалау мақсатында жобалық басқару және инженерлік қолдау көрсетудің негізгі мердігері болды. Күн электр станциясын сәтті орнату үшін университеттің зерттеу тобы ШКЭС бойынша әлемдік озық тәжірибелерді, Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері саласындағы заңнамаларын зерттеп, күн станциясын жобалау және оның жұмысын оңтайландыру бойынша жұмыстарды талдады.

Мини-электростанцияның ашылу салтанатына USAID өкілдері, оның ішінде Орталық Азиядағы өңірлік миссия директорының міндетін атқарушы Моник Мозолф және Алматы энергетика және байланыс университетінің қызметкерлері қатысты.

Energo University-дің энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Айгуль Бегимбетованың айтуынша, жобаның басты мақсаты - Қазақстанда баламалы энергетиканы дамыту, «жасыл технологияларды» жан-жақты енгізу арқылы парниктік газдардың шығарылуын азайту және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту, бұл Алматы үшін өте маңызды.

Бұл пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында алынған тәжірибе ШКЭС инвесторларына арналған нұсқаулықтарды әзірлеу және Қазақстандағы ШКЭС саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау мақсатында пайдаланылады.

Университет пен USAID арасындағы жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс 2019 жылдан бері жалғасып келеді. Жоба аясында университетте аймақтық ресурстық орталық құрылды, оның негізінде декарбонизация мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңартылатын энергия көздері жобаларын дамыту қағидаттарына жаңа буын инженер-энергетиктер мен техникалық мамандарды оқыту ұйымдастырылды.

ENERGO UNIVERSITY