Жасанды интеллект және деректерді талдау: Energo University-де жаңа білім беру бағдарламасы ашылды

Жасанды интеллект және деректерді талдау: Energo University-де жаңа білім беру бағдарламасы ашылды


11.07.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University -де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) 2024 жылдан бастап «Жасанды интеллект және деректерді талдау» жаңа білім беру бағдарламасы (ББ) бойынша оқыту басталады.

Бағдарлама қажетті сараптамадан сәтті өтіп, жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығымен мақұлданды және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің білім беру бағдарламалары тізіліміне енгізілді.

«Жасанды интеллект және деректерді талдау» білім беру бағдарламасы, В057 «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламалары тобына кіретін, АЭжБУ-да Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының негізінде оқытылады. Айта қайтетін жайт, бакалавриат бағдарламалары бойынша қажетті білім көлемін осы ББ студенттері 3 жылда алады!

Жаңа бағдарлама бойынша оқитын студенттер «Бұлттық технологиялар және жоғары өнімді жүйелерді әкімшілендіру», «Интеллектуалды деректерді талдау», «Бейне өңдеу және компьютерлік көру», «Машиналық оқыту», Python және Java тілдерінде бағдарламалау; «Жасанды интеллект жүйелері және нейрондық желілер», «Бейнебақылау жүйелері» және басқа да көптеген пәндерді меңгереді.

«Жасанды интеллект және деректерді талдау» ББ таңдаған студенттер заманауи компьютерлік техникада жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болып, университеттің Apple Lab, «Виртуалды және толықтырылған шындық», Kaspersky Lab және басқа да жоғары технологиялық оқу зертханаларында қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізе алады.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

ENERGO UNIVERSITY