02.08.2024 Барлық жаңалықтар
Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету жөніндегі ахуалдық орталық студенттердің тұрғын үй мәселелеріне жедел ден қою үшін белсенді жұмыс істейді. Өз қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін Орталық 24/7 және тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталықты іске қосты.
Call-орталық студенттерге тұрақты қолдау көрсетіп, тәулік уақытына қарамастан жатақханаларда орналасуға байланысты мәселелерді тез шешуге мүмкіндік береді. Call-орталықтың барлық жұмысы мәселелерді жедел шешуге, орындардың болуы және өтінім беру үдерістері туралы өзекті ақпарат беруге, сондай-ақ тосын жағдайларды шешуге көмектесуге бағытталған.
Call-орталықтың байланыстары:
моб.тел.: +7 707 649 74 06 (whatsapp)
e-mail: al.kalila@aues.kz , каб 120A (корпус А)