KAZENERGY-дің білім беру гранттары

KAZENERGY-дің білім беру гранттары


07.08.2024 Барлық жаңалықтар


KAZENERGY қауымдастығы 2024-2025 оқу жылында оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау ашық екенін хабарлайды.

KAZENERGY 2015 жылдан бастап мердігерлердің қаражаты есебінен оқу ақысын төлеуге үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады. Гранттық бағдарламаны іске асыру барысында 9 жыл ішінде ЖОО мен колледж студенттерінің оқу ақысын төлеуге 12 500-ден астам өтініш түсті. Төлеуге мақұлданған гранттардың жалпы саны 5 000-нан асты, оның 57%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына (жетім балалар, мүгедек адамдар, көп балалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардан шыққан балалар) жатады.

Қажетті құжаттардың тізімін, сондай-ақ конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпаратты сайттан табуға болады: https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/138/1044/ .

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер сайтта электрондық өтінімді толтыруы керек: www.grant.kazenergy.com   

Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша:

+7 7172-79-49-75

e-mail: candidate@kazenergy.com

ENERGO UNIVERSITY