Energo University оқытушылары «Медицинадағы автоматтандырылған жүйелер мен аппараттар» тренингінің нәтижесінде сертификаттарға ие болды

Energo University оқытушылары «Медицинадағы автоматтандырылған жүйелер мен аппараттар» тренингінің нәтижесінде сертификаттарға ие болды


12.08.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) оқытушылары «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» мамандығы бойынша «Ордамед»- Қазақстандағы заманауи медициналық жабдықтарды шығаратын ең ірі өндіруші компаниясының мамандарынан тренингтен сәтті өтті.

 

"Автоматтандырылған және медициналық жүйелер мен аппараттар" курсы бойынша тренинг өткізілетін орын "Ордамед"компаниясымен жабдықталған медициналық техниканың жаңа университеттік зертханасы болды. Зертханаға орнатылған техника «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» білім беру бағдарламасы бойынша «Диагностикалық зерттеу әдістері», «Медициналық құралдар, жүйелер және аппараттар», «Медициналық техниканы жөндеу және қызмет көрсету» және «Ақпаратты көрсету жүйелері» сияқты пәндерді оқыту процесінде қолданылады.

 

Тренинг барысында Energo University оқытушылары жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды орнату және пайдалану бойынша қажетті білім алды. Оқу курсын сәтті аяқтаған соң, тренингке қатысушыларға сертификаттарды «Ордамед» АҚ коммерциялық директоры Ринат Шамерзаев пен Ordamed Almaty бас директоры Юлия Анохина табыс етті.

 

Алынған дағдылар оқытушыларға өз студенттеріне білім беру кезінде қажет болады. Болашақта Energo University оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстарын «Ордамед» мамандарының өткізу тәжірибесі жалғасын табады.

 

Анықтама:

Energo University «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» мамандығы бойынша білім беруді 2022 жылдан бастап «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында жүргізуде. 2024 жылдан бастап бұл білім беру бағдарламасы Германияның ең үздік қолданбалы ғылымдар университеттерінің бірі саналатын Анхальт университетімен қос дипломды бағдарлама болады.

 

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

ENERGO UNIVERSITY