Energo University «Tech Cup X-2024» турнирінде білім беру гранттарын табыстады

Energo University «Tech Cup X-2024» турнирінде білім беру гранттарын табыстады


13.08.2024 Барлық жаңалықтар


Алматы қаласында Қазақстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерінен 12 мен 18 жас аралығындағы 1500-ден астам қатысушыны жинаған 10-шы «Tech Cup X-2024» робототехника чемпионаты өтті. Energo University ерекше көзге түскен үш жас инженерге білім беру гранттарын табыстады.

Екі күн бойы қатысушылар өздерінің бірегей жобаларын ұсынып, FIRST халықаралық бағдарламасы аясында робототехника, жаңа технологиялар және бағдарламалау саласындағы білімдерін көрсетіп, MultiGP халықаралық стандарттары бойынша дрон жарысында бақ сынады. Чемпионат кезегінің бірінде қазылар алқасының құрамында Energo University-дің ғылым жөніндегі проректоры Әліпбаев Қуаныш жетекшілік еткен Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының түлектерінен құралған Energo Team командасы төрелік етті.

Қуаныш Арынғожаұлы Energo University атынан үш үздік оқушыға біздің университеттің білім беру гранттарын табыс етті.

Жеңімпаздарды атап өтсек:

Томирис Оңғарбек, № 206 мектеп (Алматы)

Камила Токташ, JOS мектебі (Алматы)

Бекжан Болат, INNOVERSE ЖЕКЕ МЕКТЕБІ (Талдықорған).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларды Energo University-де күтеміз!

ENERGO UNIVERSITY