Энергетика министрлігінде Energo University-дің жанындағы Технологиялық құзыреттер салалық орталығының қызметі талқыланды

Энергетика министрлігінде Energo University-дің жанындағы Технологиялық құзыреттер салалық орталығының қызметі талқыланды


16.08.2024 Барлық жаңалықтар


Астанада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде ағымдағы жылы Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) жанында құрылған электр энергетика саласындағы Технологиялық құзыреттер салалық орталығының қызметі талқыланды.

Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжанмен кездесуге университет өкілдері - ғылым жөніндегі проректор Қуаныш Әліпбаев және ТҚСО басшысы Жұбаныш Әбдімұратов, сондай-ақ «Энергоинформ» АҚ әріптестері қатысты.

Кеңес барысында ТҚСО жұмыс жоспарлары, оның ішінде еліміздің жоғары оқу орындары үшін зияткерлік энергетика тақырыптары бойынша білім беру модульдерін әзірлеу талқыланды. Бұдан басқа, Energo University-де жаңа энергетикалық пәндерді енгізу және Орталық Азиядағы жалғыз университет базасында ашылған SIEMENS электр энергетикасында релелік қорғау, автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі оқу орталығы мен сандық энергетика саласындағы мамандарды даярлауға арналған ENERGYNET.LAB зертханасының қызметі туралы баяндамалар тыңдалды.

Кеңеске қатысушылар Energo University-дің «Мәскеу энергетикалық институты» ғылыми-зерттеу университетімен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, қазіргі энергетиктер үшін Біліктілікті арттыру орталығын құрудағы прогресті талқылады.

 

ENERGO UNIVERSITY