Energo University Ғылым департаментінің өкілдері Қарасай машина жасау зауытына барып қайтты

Energo University Ғылым департаментінің өкілдері Қарасай машина жасау зауытына барып қайтты


26.08.2024 Барлық жаңалықтар


Ғылым жөніндегі проректор Қуаныш Әліпбаев бастаған ғылым департаментінің делегациясы Quant Robotics LLP компаниясының басшылығымен кездесті. Quant Robotics LLP — робототехника мен автоматтандырылған жүйелерді әзірлеуге маманданған компания. Ол өнеркәсіптік автоматтандыру, жасанды интеллект және машиналық оқыту сияқты әртүрлі салаларда жұмыс істей алады. Energo University компаниямен келесі бағыттарда ынтымақтастық жасауды жоспарлап отыр:

- бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер (R&D);

-өндірістік процестерге робототехникалық шешімдер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу;

-робототехника және озық технологияларды пайдалану бойынша тренингтер, семинарлар және консультациялар өткізу.

 

ENERGO UNIVERSITY