Қазақстандағы тұңғыш Шығармашылық индустриялар паркі Қаскелеңде университеттің болашақ кампусының аумағында ашылды

Қазақстандағы тұңғыш Шығармашылық индустриялар паркі Қаскелеңде университеттің болашақ кампусының аумағында ашылды


28.08.2024 Барлық жаңалықтар


2024 жылғы 28 тамызда Алматы облысы, Қаскелең қаласында Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Қазақстандағы тұңғыш Шығармашылық индустриялар паркінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа алаңның алғашқы іс-шарасы Нью-Йорк кино академиясының Президенті (New York Film Academy) Майкла Янг пен топ-менеджерлерінің қатысуымен Кино индустриясының форумы болды.

Парктің ашылу салтанатына Алматы облысының басшылығы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мұрат Әбенов,  Energo University ректоры Ғани Нығыметов және бизнес-қоғамдастық пен шығармашылық салаларының өкілдері қатысты.

 Energo University ректоры Ғани Нығыметов:

"Бұл біздің университетіміздің ғана емес, өңіріміздің өміріндегі маңызды тарихи сәт: Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі - Energo University өзінің техникалық және инженерлік мамандықтар арсеналын жаңа креативті бағыттармен толықтыра отырып, ғылыми-білім беру қызметінің көкжиегін кеңейтеді.

Мұнда біз әлемге әйгілі New York Film Academy-мен бірлесіп кино, медиа, дизайн, анимация, ойындарды әзірлеу, жасанды интеллект, жасыл технологиялар саласындағы мамандарды дайындауға қабілетті Шығармашылық индустриялар мектебін ашуды жоспарлап отырмыз".

Жалпы ауданы 12 Га болатын жаңа университет аумағында абаттандырылған саябақ аймағы, қажетті ғимараттар мен құрылыстар, спорт алаңдары және креативті индустрияларға арналған басқа да тақырыптық аймақтар орналасқан. Оның аумағында түрлі шығармашылық іс-шаралар, соның ішінде конференциялар мен форумдар, тақырыптық мастер-кластарды өткізу жоспарлануда. Жаңа алаңның алғашқы оқиғасы саябақтың ашылуымен бір уақытта басталған, кино және медиа саласының 200-ден астам өкілдерін жинаған киноиндустрия форумы болды.

Сол күні парк ойынды әзірлеу, жасанды интеллект, жасыл және климаттық технологиялар сияқты бағыттарға мамандандырылған алғашқы бес резидентінің стартап-жобаларын ұсынды.

 

Жақын арада Шығармашылық индустриялар паркімен бір алаңда ауданы 60 мың шаршы метр болатын екі оқу ғимараты, сондай-ақ 6 мың орындық жатақханадан тұратын жаңа университет кампусы пайда болады деп жоспарлануда. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды.

ENERGO UNIVERSITY