13.04.2020 Барлық жаңалықтар
«Теңізде орнатылған жел генераторлары» тақырыбында германиялық профессор Юрий Плоткиннің қатысуымен On-line режимде Электр энергетика және электр техника институтының семинары
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ 45 жылдығына арналған Электр энергетика және электр техника институтының (ЭЭЭТИ) жоспарланған кестесі бойынша 2020 жылдың 13 сәуірінде Берлин экономика және құқық университетінің (Германия) «Электр техника және электр энергетика» кафедрасының профессоры Юрий Плоткиннің қатысуымен «Теңізде орнатылған жел генераторлары» тақырыбында On-line режимінде бейне-семинар өтті.
Техникалық алаң ретінде Skype (https://www.skype.com/) коммуникациялық бағдарламалық жасақтамасы таңдалды.
Бейне-семинарға Электр энергетика және электр техника институтының студенттері, магистранттары, докторанттары және оқытушы- профессорлар құрамы (ОПҚ) арасынан 46 қатысушы қатысты.
Семинар аясында заманауи энергия генерацияланатын технологиялар саласындағы жетістіктер мен инновациялардың түрлі аспектілері талданды. Қазақстан жағдайында, мысалы, Каспий теңізі, Балқаш көлі және т.б. теңіздерде осы жел генераторларын қолдану бойынша мәселелерді талқылады.
Онлайн-семинар барысында алынған ақпарат ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту мақсатында Электр энергетика және электр техника институтының студенттері, магистранттары, докторанттары мен ОПҚ үшін өте пайдалы болды.