11.09.2024 Барлық жаңалықтар
Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) 3-4 қыркүйек аралығында 1-курс студенттеріне арналған Бейімдеу апталығы аясында әдептілік және академиялық адалдық мәселелеріне арналған Бірыңғай сағат өтті.
Университеттің комплаенс қызметінің басшысы Салтанат Тлеуғалиқызы студенттерге, эдвайзерлерге, оқытушыларға және әкімшілік қызметкерлерге таныстырылым жасады.
Қатысушылар өз құқықтары мен мүмкіндіктері, ішкі тәртіп ережелері, студенттердің Этика кодексі және Академиялық адалдық саясаты туралы ақпарат алды.
Іс-шара барысында Салтанат Тлеуғалиқызы университет қызметінің заңнама талаптарына, педагогикалық этика қағидаттарына және университеттің ішкі ережелері мен рәсімдеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бізде комплаенс қызметі жұмыс істейтінін түсіндірді. Бұл қызметке Energo University студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және серіктестері өздеріне қатысты орын алған кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық немесе заң бұзушылық фактілері, соның ішінде сыбайлас жемқорлық туралы хабарлай алады.
Университеттің комплаенс қызметінде өтініштерді қабылдау үшін Жедел желі жұмыс істейді, - деп атап өтті Салтанат Тлеуғалиқызы. - Бізге қоңырау шалуға, жазуға немесе тікелей келуге болады, біз құпиялылықты қамтамасыз етеміз.
Мобильді телефон: +7 707 600 64 51 (қоңыраулар, WhatsApp)
Қалалық телефон: +7 (727) 323 11 75 (ішкі нөмір 62-09)
e-mail: s.tleugikyzy@aues.kz
Кабинет: 225 (А корпусы)