Energo University-де USAID аймақтық іс-шарасы өтті

Energo University-де USAID аймақтық іс-шарасы өтті


25.09.2024 Барлық жаңалықтар


24-25 қыркүйек аралығында Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) USAID-тің «Орталық Азия энергетикасы» жобасы "Орталық Азиядағы энергетикалық ауысуды жүзеге асырудағы әйелдердің рөлі" атты аймақтық іс-шара өтті.

Кездесудің мақсаты – энергетика саласында жұмыс істейтін әйелдердің жаңартылатын энергия көздері саласындағы кәсіби дағдыларын дамыту және Орталық Азия елдерінің (ОА) энергетика саласында гендерлік теңдік принциптерін ілгерілетуге арналған платформа құру.

Конференцияға офлайн және онлайн форматтарда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген 40-тан астам энергетика саласындағы әйелдер қатысты. Жиналғандарды Energo University ректоры Ғани Нығыметов қарсы алды. Ол өз сөзінде Орталық Азия елдерінің экономикасының барлық салаларында, соның ішінде энергетикада, әйелдердің жоғары кәсіби рөлін, әсіресе қазір аймақта жаңартылатын және атом энергетикасы саласында жаңа технологиялар мен жобалар белсенді түрде дамып, енгізілуін атап өтті.

Кездесудің модераторы Energo University Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Айнур Бегимбетова болды.

Қатысушылар Орталық Азиядағы әйелдердің энергетикаға қатысты кәсіптерге деген білімі мен түсінігін арттыру мәселелерін талқылады, жаңартылатын энергия көздері саласындағы білім беру іс-шараларының қажеттілігі, жаңа технологияларды дамыту және олардың климаттың өзгеру салдарын жеңілдетудегі практикалық қолданудың артықшылықтары туралы мәселелерді қозғады.

 

Анықтама:

USAID-тің «Орталық Азия энергетикасы» жобасы 2020 жылдың қазан айында басталды. Жоба Орталық Азияның бес еліне – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға – олардың ұлттық энергетикалық басымдықтарын жүзеге асыруға, энергетикалық ресурстардың трансшекаралық саудасынан экономикалық пайда алуға және аймақтық өзара байланысты кеңейту арқылы энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға көмектесуге бағытталған.

Жоба кәсіби дайындықты, білім беруді және әлеуетті арттыруды ынталандыру бойынша сектор аралық мақсаттарға; жеке сектордың инвестицияларын көбейтуге; жергілікті ұйымдардың тәжірибесін пайдалануға және гендерлік теңдік пен инклюзивтілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

ENERGO UNIVERSITY