Energo University-дің болашақ кампусының жобасы Алматы облысының әкіміне таныстырылды

Energo University-дің болашақ кампусының жобасы Алматы облысының әкіміне таныстырылды


27.09.2024 Барлық жаңалықтар


26 қыркүйекте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары аясында Қаскелеңде Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) жаңа кампусының құрылыс жоспарымен танысты. Университет ректоры Ғани Нығыметов қонаққа Energo University-дің трансформация стратегиясы туралы, оның ішінде жаңа кампустың дамуы туралы айтып берді.

Қаскелеңдегі кампус – бұл Алматы энергетика және байланыс университетінің «Future University» деп аталатын жобасы. Жоспар бойынша Алматыдан университеттің бірнеше факультеттері жаңа аумаққа көшіріледі, сондай-ақ жаңа кампуста шығармашылық индустриялар мектебі секілді жаңа факультеттер ашылады.

Ғани Нығыметов атап өткендей, үш жылдан кейін Қаскелең студенттерге ыңғайлы қалашыққа айналып, Алматы мегаполисінің жүктемесін жеңілдетуі мүмкін. 15 гектардан астам аумақта 60 мың шаршы метрлік екі оқу ғимараты және 6 мың орындық студенттік жатақханалар салынады. Жаңа кампус Energo University-ді «Болашақ университеті» ретінде трансформациялаудың бастапқы нүктесі болады, ол инженерлік-техникалық білім мен шығармашылық бағыттарды біріктіреді.

Жаңа кампустың аумағында креативті бағыттар мен мамандықтарды дамыту Нью-Йорк киноакадемиясымен (New York Film Academy) серіктестікте жүзеге асыру жоспарлануда. Energo University мен Нью-Йорк киноакадемиясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге осы жылдың тамыз айында қол қойылды.

Тағы бір келісім осы кезеңде басқа стратегиялық серіктес – Қаскелеңде сәтті жұмыс істеп келе жатқан Сүлейман Демирел университетімен (SDU) жасалды. Energo University-дің жаңа кампусы бұл білім беру мекемесіне жақын орналасады, бұл екі университеттің студенттері мен оқытушыларын алмастыру, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ ортақ инфрақұрылымды пайдалану арқылы ымыраны қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру үшін Energo University құрылтайшылары қажетті жер учаскелерін сатып алып, жобалау жұмыстарын жүргізуде. Құрылыстың ұзақтығы шамамен 2-3 жылды құрайды. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 100 миллион АҚШ долларын құрайды.

ENERGO UNIVERSITY