Белсенді студенттер Есік көлінде демалды

Белсенді студенттер Есік көлінде демалды


30.09.2024 Барлық жаңалықтар


28 қыркүйекте Energo University-дің Студенттермен жұмыс жөніндегі департаменті белсенді студенттер үшін көрікті Есік жоғары тау көліне ұмытылмас сапар ұйымдастырды.

Туристік сапарға қатысушылар таңғажайып табиғат көріністеріне куә болып, достық ортада қызықты уақытты өткізді, сондай-ақ университеттің психологиялық қызметі өткізген тренингтерге қатысып, жағымды эмоцияларды алды.

Студенттермен жұмыс  жөніндегі департаменттің директоры Султанбеков Айдар атап өткендей, мұндай сапарлар Energo University-де жақсы дәстүрге айналған, олар ұжымды біріктіруге, шығармашылықты дамытуға және жаңа қызықты идеялардың пайда болуына ықпал етеді.

ENERGO UNIVERSITY